«BeSafe Kazakhstan» бағдарламасы ЮНИСЕФ Қазақстан және Ұлттық волонтерлік желімен жүзеге асырылады.
Бағдарламаның ұзақтығы – 12 ай. Бағдарлама 1 шілдеде басталды (2022 жылғы шілде-тамыз айларында – оқу-әдiстемелiк кешендер мен құралды әзiрлеу, 2022 жылғы қыркүйек айында – волонтерлерді тарту және оқыту, қазан айында – мектептерде бағдарламаны жүзеге асыру басталады).
«BeSafe Kazakhstan» бағдарламасы аясында волонтерлер оқушыларға ТЖ негізгі түрлері, ТЖ кезінде әрекет ету алгоритмдерін, климаттың өзгеруінің әсері туралы және оларға бейімделу айтып беру жоспарланып жатыр. Атап айтқанда, бірінші тоқсанда балалар төтенше жағдайлармен және ТЖ-ға ден қоюдың жалпы ережелерімен танысады. Сондай-ақ, оқушыларға білікті сарапшылардың негізгі ұсыныстары бар «отбасы қауіпсіздігі жоспары» беріледі.
Екінші тоқсанда оқушылар төтенше жағдайлардың техногендік түрлерімен танысады, әртүрлі техногендік ТЖ кезінде әрекет ету алгоритмдерін үйренеді. Сонымен қатар, өртке, оның ішінде келе жатқан жаңа жылды тойлауға отшашу байланысты (гирляндаларды қосу, отшашуларды, бенгал отын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік қағидалары және т.б.) ерекше назар аударылатын болады.
Үшінші тоқсан төтенше жағдайлардың табиғи түрлерін, сондай-ақ осы ТЖ кезіндегі іс-қимылдар алгоритмдерін зерттеуге арналады. Төртінші тоқсанда оқушылар ТЖ экологиялық түрлерімен, климаттың өзгеруімен және осы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерімен танысады.
Сондай-ақ, іс-қимыл алгоритмдері бойынша материалдарды бекітуге бағытталған мектептерде ТЖ модельдеуді (төтенше жағдайды шынайы болғандай ойнатып, қалай ден қою керектігі көрсетіледі) ұйымдастыруға жәрдемдесу үшін өңірлік ТЖД-мен уағдаластықтар жасалды. Осылайша, оқушылар өздерінің қауіпсіздігі үшін ұстануға тиісті әрекеттер алгоритмін білетін болады және төтенше жағдайлар кезінде мұғалімдер, мектеп әкімшіліктерінің іс-әрекеттерімен танысады, олардың оқиғаларға реакциясын түсінеді және олардың нұсқауларын дәл орындайды.
Сонымен қатар, бағдарлама қорытындысы бойынша әр мектептің оқушылары мектептің ТЖ мен климаттың өзгеруіне дайындық жоспарын әзірлейді.
Қазіргі уақытта бағдарламаның волонтерлері оқудан өтіп, республика бойынша 5-10 сыныптар арасында «BeSafe Kazakhstan» бойынша сабақтар өткізуді бастады. Жалпы, өтінімдерді іріктеу нәтижелері бойынша 219 волонтерлер «BeSafe Kazakhstan» бағдарламасына енді.
Бағдарлама аясында республиканың 5 облысында офлайн форматта және бірқатар өңірлерде онлайн форматта сабақтар өткізіліп жатыр.
1. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ҚАНДАЙ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БОЛАДЫ ЖӘНЕ НЕГЕ ТУЫНДАЙДЫ?
2. ЕГЕР СЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ АЙМАҒЫНА ТАП БОЛСАҢ, НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫҢ
3. ЕГЕР ӨРТ КЕЗІНДЕ ... БОЛСА, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
7. ТАБИҒИ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БОРАНДАР МЕН ҚАРЛЫ БОРАНДАР
8. ТАБИҒИ АПАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
9. БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАНДАЙ ТАБИҒИ АПАТТАР БОЛУЫ МҮМКІН
10. ЖЕР СІЛКІНІСІ. СІЗ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК БАРЛЫҚ АҚПАРАТ
11. ТАБИҒИ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР. СУ ТАСҚЫНЫ
12. ТАБИҒИ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР. КӨШКІН, СЕЛ ЖӘНЕ ҚАР КӨШКІНІ
13. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЖ
14. АНОМАЛДЫ ТЕМПЕРАТУРАЛАР (ҚАТТЫ АЯЗ)
15. АНОМАЛДЫ ТЕМПЕРАТУРАЛАР (АПТАП ЫСТЫҚ)