×
Волонтерлердің Бірыңғай Платформасы
Qauipsizinternet
Оқушыларды киберқауіпсіздік және медиасауаттылық дағдыларын үйрету

Жоба туралы

Ұлттық волонтерлік желісі командасы ЮНИСЕФ Қазақстан және ҰВЖ бірлескен QauipsizInternet волонтерлік жобасына волонтерлерді іріктеу бойынша байқау өткізді.

Жоба оқушыларға киберқауіпсіздік пен медиасауаттылық дағдыларын үйретуге бағытталған және онлайн форматта өткізіледі.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 16-35 жас аралығындағы волонтерлер қатыса алады. Өзіңізді интернетте қалай қорғауға болатыны туралы және медиасауаттылық бойынша лайфхактар мен құралдарды білгіңіз келіп, басқа адамдармен бөліскіңіз келсе, онда – профильдің сипаттамасына өтіп сауалнаманы толтырыңыз да волонтерлердің үлкен отбасына қосылыңыз!

Іріктеу критерийлері: сауалнаманы мұқият оқып шығыңыз. «Мен үшін аталған волонтерлік бағдарламаға қатысу неге маңызды?» деген тақырыпта ұзақтығы 2 минутқа дейін видео түсіру қажет. Басқа видеолардан үзінділерді немесе фото презентацияларды жүктемеуді өтінеміз. Видеоңызды байқау комиссиясы көретін болады. Видеоңызды өзіңізге кез келген ыңғайлы платформаға (мысалы: YouTube немесе Google Drive) жүктеңіз. Видеоның жария болуы шарт емес, ең бастысы сілтеме бойынша ашылса жеткілікті. Егер бұл шарттар сақталмаған болса, өтінімдеріңіз техникалық іріктеуден өтпей қалады.

Байқау 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін ашық болады. Іріктеуден өткен қатысушылар тізімі Qazvolunteer.kz сайтында 20 қыркүйекте жарияланатын болады. Өткізіп алмаңыз!

Жобаның ұзақтығы: қазан-желтоқсан 2022 (3 ай).

QauipsizInternet сайтында оқушыларға арналған сабақ материалдарына сілтеме

QauipsizInternet сайтында ата-аналар мен мұғалімдерге арналған сабақ материалдарына сілтеме

Кейс жауаптары қазақ тілінде

Галерея